Перейти к содержимому страницы.

ҰБТ - 2021

25.01.2021

26-31 қаңтар аралығында Павлодар педагогикалық университетінің базасында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Жалпы ППУ-да ҰБТ тапсыруға облыстың 485 оқушысы қатысады.

Қаңтар айында өтетін сынақты бітіруші түлектер, негізгі ҰБТ-ны сәтсіз тапсырып, грантқа өте алмаған түлектер, сондай-ақ басқа мамандықтарға ауысқысы келетін шығармашылық білім беру бағдарламаларының студенттері тапсырады.  

ҰБТ 5 пән бойынша өткізіледі: оның үшеуі міндетті және екеуі бейінді. Тестілеуге 240 минут беріледі. Қатысушылар барлығы 140 ұпай жинай алады.  

Тестілеу кезінде коронавирустық инфекцияның таралмауын және алдын алу үшін ППУ-да санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.

- Біз өз тарапымыздан ҰБТ өткізу пункті ретінде қойылған барлық шаралар мен талаптарды орындадық, - деп атап өтті ППУ-дағы ҰБТ өткізу пунктінің жетекшісі Төлеубаева Сәуле Темірқызы.

ҰБТ өткізу үшін 12 аудитория жабдықталды. Барлығы 6 ағын жоспарланған. Тестіленушілер арасында 2 метр арақашықтық сақталады. Барлық аудиториялар жақсы жарықтандырылған, кондиционер, пердешелер орнатылған. Сондай-ақ, аудиториялар ұялы байланыс сигналдарын төмендететін жабдықтармен және онлайн көрсетілім жасайтын бейнебақылау  құрылғылармен жабдықталған.

Ата-аналарға арналған онлайн көрсетілімді төмендегі сілтеме бойынша көруге болады: https://ppu.edu.kz/ent

Тестілеудің барлық кезеңдерінде бейнебақылау процесі жүргізіледі. Сонымен қатар, тестілеу процесін арнайы мониторингтік топ пен "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері бақылайды.

 ENT