Перейти к содержимому страницы.

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП - 2020»

30.11.2020

Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана «Бір ел – бір кітап-2020» республикалық акциясы аясында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша мәнерлеп оқудан онлайн-байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетін танымал ету, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.

«Абай жолы» роман-эпопеясы – әлемдік әдебиет қазынасына енген көрнекті туынды, ол арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Онлайн-байқауға Мұсахан Қанапьянов атындағы колледж студенттері мен университеттің студент жастары белсенді қатысты. Конкурс қатысушылары М.Әуезовтің романына, оның прозалық әңгімелеріне қызығушылық танытты: кШТА - 21  тобынан Байдүйсен Тоғжан «Абай жолы» романынан үзінді оқыды (1 том, «Қайтганда» тарауы), Орақ Бейбарыс кШТА – 21 тобынан (2 том, «Еңісте» тарауы), Рушанова Айым кДВО – 31 тобы (1 том, «Шытырманда» тарауы), Шаймұрат Аружан гр. МДТжО – 31 (2 том, «Тайғақта» тарауы), Таңжарықова Камила гр. КБББ - 11 (1 том, «Қияда» тарауы), кБББ – 11  тобынан Бекбулатова Алтын (11 том, «Қайтқанда» тарауы), БМ-21 тобының студенті Қоныс Нұрлы (1 том, «Шытырманда» тарауы), Муздафий Дінасыл ББ - 21 тобы (3-том, «Абай аға» тарауы).

Мәнерлеп оқу сайысында бірінші орын алғаны үшін Қоныс Нұрлы дипломмен марапатталды. Екінші орынды Таңжарықова Камила, үшінші орынды Рушанова Айым иеленді. Сондай-ақ Шаймұрат А., Муздафий Д. Алғыс хаттармен марапатталды. Абай рухына тағзым етіп, қазақ әдебиетіне сүйіспеншілік танытқаны үшін барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. 

kniga

kniga2