БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ: ПЕДАГОГИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІТІРУ КЕШІ
24.05.2024
Төртінші курс студенттері үшін төрт жыл оқыған оқуларын аяқтап, көптен күткен доипломдарын қолдарына алуға аз уақыт қалды. Педагогика жоғары мектебінің бірінші, екінші және үшінші курс студенттері өздерінің аға буындарына арнап бітіру кешін ұйымдастырды. Мерекеге олардың ата-аналары мен бүкіл профессорлық-оқытушылар құрамы шақырылды. Түлектер ЖОО қабырғасында білім беріп, ақыл-кеңестері мен қолдауын аямаған мұғалімдеріне алғыс айтты. Педагогика жоғары мектебінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ботагөз Нұрмағамбетова ата-аналар мен кураторларды алғыс хаттармен марапаттады.
–Білім алуды осымен тоқтатпаңыз және тәжірибе жинаңыз. Міне сонда ғана өз ісіңіздің нағыз шебері боласыздар. Сізді және ата-анаңызды оқуды бітірулеріңізбен құттықтаймын, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіңізді тілеймін, жолдарыңыз ашық болсын. Біз сіздермен мақтанамыз, - деген ақ тілегін арнады Ботагөз Нұрмағамбетова.
Осы жылы бітіретін түлектердің бірі - Альмира Суенова. Ол қызыл диплом алып жатқан ең үздік түлектердің қатарында. Оқудан кейін Павлодар қаласының 5 балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Оқу кезінде қоғамдық жұмысқа да араласып, Марғұлан университетінің мәдени өміріне белсенді қатысты.
- Әрине, достармен, мұғалімдермен қоштасу қиын. Осы жылдар ішінде біз бір-бірімізге бауыр басып, бір үлкен отбасындай болып кеттік. Бірігіп әр түрлі іс-шаралар өткіздік, университетте өткізген көңілді кездер біздің әрдайым жадымызда және жүрегімізде қалады. Оқудың бірінші күнінен бастап бізді қолдаған оқытушыларға шын жүректен алғыс айтқым келеді,- деді Альмира Суенова.