БОЛАШАҚ ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ФОРУМ-СЕМИНАР
12.12.2023
Марғұлан Университетінде ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту форум-семинар өтті. Форум-семинар ағылшын тілін оқыту әдістемесі мен педагогика бойынша білімін тереңдетіп, жаңа дағдыларды меңгергісі келетін және педагогикаға деген көзқарасын жақсартатын маңызды ақпаратты, кеңестер мен лайфхактарды алғысы келетіндердің барлығына арналған.
Іс-шараның ұйымдастырушы - «Шетел тілі: екі шет тілі» БББ 1 курс студенті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, Future Leaders Exchange (FLEX-23) түлегі Мадияр Түтенов.
Ол мақсат қою, шетелдік мектептерде қолданылатын әдістер мен технологиялар, инклюзивті білім беру және студенттердің белсенділігі туралы пайдалы ақпаратпен бөлісетін тәжірибелі мамандарды шақырды.
Кездесу барысында Марғұлан Университетіне АҚШ-тан келген ELF оқытушысы Гада Рахман шет елдердегі инклюзивті білім беру тәжірибесі туралы айтты. Астанадағы «Haileybury» халықаралық мектебінің оқытушысы, Назарбаев Университетінің түлегі, FLEX Алима Абдулатиф шетелдік мектептердегі оқыту әдістемесі туралы ақпаратпен таныстырды.
FLEX, UIB түлегі Бибинұр Жамалидденова ағылшын тілін оқытуда ойын әдістерін қолдануды көрсетті. FLEX-23 бағдарламасының түлегі Мадияр Түтенов тұлғалық өсудің, мақсат қоюдың және оған жетудің құпияларымен бөлісті.
Оқушыларға іс-шара өте ұнады, олар көптеген жаңа пайдалы ақпарат алғандарын атап өтті. «Барлығы өте қызықты және көңілді болды!» дейді олар.