БОЛАШАҚ ТҮЛЕКТЕРМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ
08.10.2025
Марғұлан университетінің маркетинг және қабылдау офисі 2025/2026 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру науқанын бастады. Жұмыс жоспары аясында офис жетекшісі Мусанова Г.М. мен студенттермен жұмыс жөніндегі бас маман Жүсіп Д.Қ. қала және облыс мектептерінің 11-сынып оқушыларымен кездесулер өткізіп жатыр.
Алғашқы кәсіби бағдар беру кездесуі Павлодар қаласындағы №7 жалпы білім беру мектебінде өтті. Университет өкілдері Марғұлан университеті туралы және 2025 жылғы қабылдау науқанының нәтижелері жөнінде ақпарат беріп, педагогикалық мамандықтарға түсуге арналған грант түрлері мен арнайы емтихандар туралы айтты. Сондай-ақ оқушыларды университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді.
Оқушыларды университеттің мүмкіндіктерімен жақынырақ танысу үшін «Ашық есік күндеріне» шақырды.
Маркетинг және қабылдау офисінің мамандары талапкерлер мен олардың ата-аналарына күн сайын кеңес береді. Барлық тілек білдірушілер кеңес алу үшін 103-кабинетке келе алады.
Сонымен қатар мектептер университет бойынша экскурсия ұйымдастыруға өтінім бере алады.