Перейти к содержимому страницы.

БОЛАШАҚ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ МЕКТЕПТЕРДЕ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

10.02.2025

Марғұлан университеті "Тарих" білім беру бағдарламасының екінші курс студенттері педагогикалық практиканы сәтті аяқтады. Олар өз жұмыстарының нәтижелерін қорытынды конференцияда ұсынды. Студенттер қаланың бірнеше мектептерінде: № 20 мектеп-лицейінде, № 7, 22 және 24 мектептерде, сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебінде тәжірибеден өтті. Практика барысында студенттер мектеп іс-шараларына және жоғары сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарына белсенді қатысты. Достық үйінде Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаев туралы кітаптың тұсаукесері өтті, онда Марғұлан университетінің студенттері мен оқытушыларына батырдың ұлы Мұрат Қайырбаевтың естелік кітабы табысталды. Практикантардың жұмысын бағалауға арналған қорытынды конференцияда студенттердің жұмыс нәтижелерін анықталды. Практика жетекшілері Г. М.Тохметова мен Г.Ж.Құрманғазина, білім беру бағдарламасының жетекшісі Абдрахманов Б.Н. және академиялық жұмыс жөніндегі вице-декан Г.Т.Джалдоксимова бағалады. Студенттер бұл жолғы тәжірибе алаңы, яғни мектептерде жұмыс істеу өте пайдалы болғанын атап өтті.