БОЛАШАҚ ТАРИХ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫ
06.10.2023
Жаңа оқу жылынан бастап гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері педагогикалық тәжірибеге кірісті. Тарих пәнінің оқушылары Назарбаев зияткерлік мектебінде, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ мектеп-интернатында және Павлодар қаласының №7 Жалпы орта білім беру мектебінде өндірістік тәжірибеден өтуде.
«Тарих» білім беру бағдарламасының жетекшісі Бауыржан Әбдірахманов, практика жетекшісі Гүлмейрам Рақышева, гимназия директорының орынбасары Күләзи Оразбаева және тарих пәнінің мұғалімдері Жарылғапберді Кәрімжан, Ардақ Мұтан оқушылармен кездесіп, мектептегі педагогикалық тәжірибенің мәселелерін талқылап, әдістемелік көмек көрсетіп отырады.
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің сарапшы-оқытушысы Гүлмейрам Рақышеваның айтуынша, педагогикалық тәжірибенің мақсаты – студенттердің бойында тарих пәні мұғалімінің жұмысына қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыру және теориялық білімдерін бекіту.
«Студенттер мектептегі оқу жүйесімен танысып, тарих мұғалімінің кәсіби педагогикалық шеберлігін меңгереді. Олар өздерін сынып жетекшісінің рөлінде сынап, кәсіби қызметіндегі мәселелерді шешу үшін мұғалімдермен және ата-аналармен қарым-қатынас жасауды үйренуде», - дейді Гүлмейрам Қайырбекқызы.
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ мектеп-интернатында өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттер: Махмутова Айгүл, Самет Есенбек, Машрупов Мерилан, Мурсалимов Мейрамбек, Келдибаев Қазыбек, Төкен Ырысты, Садықұлы Алмас, Каламова Аружан, Болат Сәнім, Манай Жұлдыз.
«Бізге мектеп оқушыларымен жұмыс істеу және нақты мектепте сабақ өткізу ұнайды. Сыныптан тыс шаралар мен ойындар ұйымдастырамыз. Мысалы, жақында тәлімгер ұстаздардың қолдауымен қызықты квест ойынын өткіздік. Студенттер де, мектеп оқушылары да көптеген жағымды эмоциялар мен жаңа білім алды!». – дейді Қаламова Аружан.
Үшінші курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесі алты аптаға созылады. 16 қазанда студенттер университетке оралады.