Перейти к содержимому страницы.

БОЛАШАҚ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ КӨРМЕСІ

11.03.2026

Марғұлан университетінде Павлодар қаласының 10–11 сынып оқушыларына арналған білім беру көрмесі өтті. Шараны Жастар саясатын қолдау орталығы ұйымдастырды.

Көрмеге М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы, Қ. Құлажанов атындағы қазақ технология және бизнес университеті, IT-технологиялық университеті, Синергия және Торайғыров университеттері қатысты.

Павлодарлық оқушылар жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен танысып, қос дипломды бағдарламалар туралы ақпарат алды. Сондай-ақ, олар университет өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қоя алды.