Перейти к содержимому страницы.

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУДАҒЫ «КҮНДЕЛІК» ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛДЫ

27.06.2023

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде "Күнделік.kz" платформасының бас директоры Мұхтар Ілиясовпен аталған білім беру платформасының жұмысы туралы семинары өтті. Онлайн режимдегі кездесуге Марғұлан университетінің басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев, ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы, қала мектептерінің өкілдері қатысты.

Кездесуді Марғұлан университетінің академиялық мәселелері жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко жүргізді.

Айта кету керек, университетте студенттер Kundelik платформасында жұмыс істеуге дайындалатын Педагогикалық шеберлік кабинеті бар. Университетке демо-нұсқа – болашақ мұғалімдерді дайындауға арналған тренажер ұсынылды.

Кездесу барысында платформаның мүмкіндіктері таныстырылды: тіркелу, бағалау, үй тапсырмасы, сабақ кестесі және т.б. Жұмыс бойынша барлық әдістемелік және оқу материалдары ұсынылды. Кездесуге қатысушылар Kundelik.kz жобасының бас директоры Мұхтар Ілиясовқа сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды. Мектеп мұғалімдерімен электронды платформаны пайдаланудағы проблемалық сәттер талқыланды.

Еске салайық, Kundelik – білім беру саласында электронды құжат айналымын енгізу үшін арнайы әзірленген интернет-портал. Платформа мұғалімдер мен ата-аналар арасында оқушылардың үлгерімі туралы мәліметтерді жылдам алмасуға мүмкіндік береді.