БОЛАШАҚ ЛОГОПЕДТЕР АШЫҚ САБАҚТАРҒА ҚАТЫСТЫ
21.11.2024
Бүгін Педагогика жоғары мектебінің оқытушы-сарапшысы Әсем Жанкуразованың жетекшілігімен «Әр түрлі сөйлеу бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасау технологиялары» және «Логоритмика» пәндерін оқыту аясында Павлодар қаласының №14 арнайы балабақшасына экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты - студенттердің логопедиялық білімдерін жетілдіру, оған СП-11қ, СП-41, СП-42 топтары барды. Экскурсия барысында студенттер логопедтердің ашық сабақтарына қатысты.
Студенттер логопед-мұғалімдерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Балабақшада балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасалған екен: қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтылған музыкалық және спорт зал, фронталды және жеке сабақтарға арналған логопедиялық кабинеттер, әрбір топта танымдық қызметке арналған орталықтар бар.