Перейти к содержимому страницы.

БОЛАШАҚ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

04.11.2024

2024 жылғы  4-қарашада Педагогика жоғары мектебінде «Әр түрлі білім беру мекемелерінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру» пәні аясында Екібастұз қаласының ПМПК басшысы Назигүл Төкенқызы Акильшинова «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері мен оқытушыларына арнап шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты аясында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру қызметі жайлы айтылды.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру – арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі, негізгі міндеттері - туғаннан 18-гe дейiнгi балалар мен жасөспірiмдердiң даму ерекшелiктерiн анықтау, диагнозын белгiлеу және оларды емдеу, оқыту мен тәрбиелеудiң лайықты жағдайларын анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және т.б.

Көп жылдық тәжірибесі бар маман өзінің арнайы білім беру саласындағы қызықтарымен бөлісті, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.