БОКСШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕЛЕРІ
14.03.2023
Павлодарда КСРО спорт шебері Игорь Михайловты еске алуға арналған бокстан ашық халықаралық турнир өтті. Спорттық жарыстардың ұйымдастырушысы - Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі.
Жарысқа 90-ға жуық былғары қолғап шеберлері қатысты. Бұл Астана, Тараз, Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының, сондай-ақ Ресей Федерациясының Кемерово және Прокопьевск қалаларының спортшылары.
Марғұлан атындағы университеттің спорт клубының төрағасы Рифкат Анатольевич Авазбакиевтің айтуынша, жарыс өте әсерлі өтті, қарсыластар өте мықты болды. Бірақ спортшыларымыз лайықты өнер көрсете білді.
Өнер және спорт жоғары мектебінің ДШжС-11 тобының студенті Еламан Тілек 91 келі салмақта 1-орынды жеңіп алды. Жаратылыстану жоғары мектебінің ФМ-42 тобының студенті Мәди Мұхамбетов 64 келіге дейінгі салмақта III орынға ие болды. Жарыста ДШжС-12 тобының студенті Василий Вольнов IX орын алды.
Спортшылар мен жаттықтырушыларды тамаша өнерлерімен құттықтаймыз және оларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!