Перейти к содержимому страницы.

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

15.03.2021

Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов тікелей эфирде республикамыздың білім беру және ғылым саласындағы мекемелерімен кеңейтілген отырысын өткізді. Оған Павлодар педагогикалық университетінің басшылық ұжымы қатысты. Мәжілісте 2020-2021 жылдары елімізде білім және ғылым саласында орын алған өзгерістер туралы есептемелері ұсынылды. Өз баяндамасында Асхат Аймағамбетов ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары туралы және 2021 жылға арналған міндеттері туралы статистикалық мәліметтерді келтіріп, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың проблемалық мәселелерін көтерді.

Министр қозғаған өзекті де ауқымды жобалар ішінде жоғары оқу орнына қатысты білім беру бағдарламаларын жаңарту, білім беру гранттарын меншіктеу, жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттарды саралау, академиялық еркіндікті кеңейту, студенттер шәкіртақысын көтеру, қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс жасау, ҰБТ сертификатының орнына электрондық сертификат енгізу, магистратура және докторантура тестілеуін компьютерлік форматқа ауыстыру сынды бірқатар игілікті бастамалар көтерілді. Сондай-ақ ғылым саласына қатысты: жас ғалымдарға арналған ғылыми гранттар санын ұлғайту, ғылыми қызметкерлерді арнайы әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету, ғалымдарға арналған мемлекет тарапынан қаржыландырылатын ғылыми конкурстарды жыл сайын өткізу, ғылымды цифрландыру мәселесі сияқты келелі жобалардың жүзеге асырылуы туралы сөз болды.

Отырыс барысында БҒМ вице-министрлері Каринова Ш.Т. Мектепке дейінгі, орта және техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың проблемалық мәселелері туралы, Дауленов М.М. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің сапасын арттыру және ғылымды дамытудың негізгі бағыттары жайлы, Бигари Р.А. Білім беру саласын цифрландыру туралы толық баяндамаларын жасады.

Ashat

Ashat2

Ashat3

Ashat4