Перейти к содержимому страницы.

Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

19.09.2021

Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаевтың төрағалығымен "Nur Otan"партиясы жанындағы Ғылым мен білімді дамыту жөніндегі аймақтық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Іс-шараға өңірлік, аумақтық Кеңес мүшелері мен білім басқармасының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында сенімгерлік басқаруға берілген ауылдық колледждерде оқу процесін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Білім беру мекемелерінің оқу жылына дайындығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Олар: оқулықтармен қамтамасыз ету, күрделі жөндеу жүргізу, кадрлармен қамтамасыз ету, техникалық жабдықтау, жылу беру маусымына дайындық, білім беру мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру.

Әрбір тармақ бойынша жауапты органдардың есептері тыңдалып, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің нақты талаптары мен ұсынымдары қабылданды.