Білім беруді дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңес екі мектептің оқу жылына дайындығын тексерді
23.09.2021
Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректоры Жанбол Жилбаев "Nur Otan" партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңес құрамында Сарыарқа шағын ауданындағы 650 орындық жаңа мектепке (80%) және жетекші ауылындағы 100 орындық шағын орталығы бар мектепке (88%) барды.
Сапар барысында білім мен ғылымды дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын бағалап,
пандемия жағдайындағы оқу процесінің ерекшеліктерімен танысты.