Перейти к содержимому страницы.

Білім беру процесін цифрландыру

14.05.2021

Әлемді жайлаған індет пандемияға байланысты шектеу шаралары қоғамның барлық аспектілерінде, соның ішінде білім беру процесінде де өз ықпалын тигізуде.
Бір жылдан астам уақыт бойы оқу процесінде сабақтар қашықтықтан өткізіліп келеді. Оқытушылар мен студенттер әртүрлі білім беру платформаларын қолдана отырып, онлайн және оффлайн режимінде оқыту технологияларын игерді. Дегенмен, ауызша емтихандарды сапалы түрде өткізуге мүмкіндік беретін қосымша қашықтықтан оқыту құралдарын құру қажеттілігі туындайды. Павлодар педагогикалық университетінің цифрландыру орталығы мен академиялық мәселелер жөніндегі департаменті бірлесіп емтихан билеттерін жүктеуге және қалыптастыруға мүмкіндік беретін, оларды бекіту рәсімдері мен ауызша емтиханның ашықтығын қамтамасыз ететін платформа құрды. Бұл жүйені қолдану емтихан алушыға билетті қашықтан таңдауға мүмкіндік береді.
13.05.2020 күні онлайн режимде ППУ оқытушылары үшін ақпараттық жүйені пайдалану бойынша интерактивті оқыту семинары өтті. Семинарға қатысушылар, олардың арасында үлкен тәжірибесі бар мұғалімдер мен жастар өз пікірлерімен бөлісіп, пікірталас жүргізді. Семинар модераторлары Р.Д. Құрманғалиева және С.Ш.-А. Смайлов аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша маңызды сұрақтарға жауап берді.

raushan

raushan2

raushan3