Білім беру ордасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу семинары
14.05.2021
Бүгін Павлодар педагогикалық университетінде «Білім беру ордасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және шешу жолдары» атты онлайн семинар болып өтті. Шараға университет пен колледждің басшылық құрамы, декандар, бөлім басшылары мен ұстаздар және студенттік өзін-өзі басқару өкілдері қатысты. Семинарды білім ордасының тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ольга Константиновна жүргізді.
Онлайн режимде өткен іс-шарада сөз алған Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректор Жанбол Жилбаев қазіргі таңдағы жас ұрпақ тәрбиесінде бұл мәселенің өзектілігіне тоқталды.
Жанбол Жилбаев, Павлодар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректор:
Бұл стратегияны іске асыру біздің университет үшін маңызды мәселе болып табылады. Университеттің ішкі нормативтік актілеріне сыбайлас жемқорлық тұрғысынан талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі стандартын енгізу жоспарлануда. Университет қызметінің барлық салаларында ашықтық пен айқындық қамтамасыз етіледі. Мұндай жүйелі жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және Қазақстандық білім берудің беделін арттыруға ықпал ететіне сенімдімін.
Бүгінгі семинарға қатысқан бас сарапшы Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Семинар модераторы Ольга Константиновна Павлодар педагогикалық университетінде жастардың жемқорлықтан ада болуы үшін атқарылып жатқан іс-шаралар туралы жан-жақты баяндама жасады. 2019 жылы университет қабырғасында «Sanaly urpaq» клубы құрылды, оның басты мақсаты студент жастар арасында адалдықты насихаттау және дамыту.
Парақорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырып, «Академиялық адалдық» кодексі бойынша емтихан сессиялары кезінде «Таза сессия» акциясы өткізіледі. Одан басқа да көптеген іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізіліп, болашақ ұстаздардың бойында адалдық, парасаттылық, имандылық қасиеттері мейлінше қалыптастырылуда.