БІЗДІҢ ТҮЛЕК МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА ПӘНІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС ЖҮЛДЕГЕРІ!
08.12.2022
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің түлегі, Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Асамбаев Әлішер Асенұлы Қазақстан мектептері мұғалімдері арасында өткен математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің IX Халықаралық шығармашылық байқауында ІІ -орынды иеленді.
Байқау ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен және «Қазақстан математика мұғалімдерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Abai University-нің бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.
Байқауға еліміздің барлық аймақтарынан 400-ден астам мұғалім қатысып, 3200-ге жуық тапсырма тексерілді. Зияткерлік сайыс мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамыту және құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ, Қазақстандағы математика пәні мұғалімдерін тәжірибе және білім алмасу үшін біріктіру мақсатында өткізілді.
Алишер Асамбаевты OMLIOD ұжымын және Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің оқытушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да табыстар мен жетістіктер тілейміз!