Перейти к содержимому страницы.

БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕРІМІЗ – ҚАЙТАДАН ЖЕҢІМПАЗДАР ҚАТАРЫНДА!

02.10.2025

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері Дария Есенғали мен Алтын АхметбековаРеспубликалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсында үшінші орын алды. Олардың жұмысы «Тарих» бағдарламасы бойынша ұсынылды.

Дария мен Алтынның ғылыми жетекшісі — философия докторы (PhD), доцент Айгүл Садықова.

Айта кетейік, бұған дейін де университетіміздің басқа студенттері аталмыш конкурста жүлделі орындарға ие болып, жоғары деңгейдегі дайындық пен ғылыми шығармашылықты көрсетті.

Студенттерімізді және олардың ғылыми жетекшілерін тамаша нәтижелерімен құттықтап, жаңа жетістіктер тілейміз!