ППУ СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ
28.11.2022
София қаласында (Болгария) жастар арасында батутта, қос шағын батутта және акробатикалық спорт түрінен әлем чемпионаты аяқталды. 23-26 қараша аралығында өткен жарысқа 39 елден 50-ден астам мықты гимнастшылар қатысты.
Өнер және спорт жоғары мектебінің 1 курс студенті Виктория Бутолина 17-21 жас аралығындағы жеке батутта секіруден әлемдік деңгейдегі спортшылар арасында жеңіске жетіп, күміс медаль жеңіп алды!
Спортшыны Павлодар облысының үздік ұстаздарының бірі Екатерина Сергеевна Свиридова жаттықтырады.
Айта кету керек, халықаралық дәрежедегі және Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері Виктория Бутолина Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінің 1 курс студенті.
Виктория мен оның жаттықтырушысы Екатерина Сергеевнаны әлем чемпионатындағы тамаша өнерлерімен құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта да спорттық жеңістер тілейміз!