БІЗДІҢ СТУДЕНТ ЖҮЗУДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
11.11.2022
ДШжС-32 3 курс студенті Станислав Мочалкин Польшаның Шецин қаласында өткен қысқы ашық чемпионатында және тірек-қозғалыс аппараты мен көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында жүзуден өткен халықаралық турнирде (Otwarte Zimowe Mistrzostwa Polski w Pływaniu Osób Niepełnosprawnych) I орынды жеңіп алды.
Жарысқа сегіз елден170 мықты спортшы қатысты: 116 ер және 54 әйел. Жарыстар жоғары деңгейде өтті, жаңа электронды хронометраж жабдығы өзін тамаша көрсетті. Балл қою арнайы IPC формуласы бойынша жүргізілді, мұнда барлық мүгедектік санаттары бойынша нәтижелер қатесіз көрсетіледі.
ДШжС-32 тобының 3 курс студенті Станислав Мочалкин 50 метрге еркін және 100 метрге арқамен жүзуден 1 орын, 100 метрге еркін жүзуден 2 орын, 50 метрге баттерфляй әдісімен 3 орынға ие болды. Ал команда құрамында 4х50 еркін стильде эстафетада – 1 орында.
Қазақстандық спортшылар өте сапалы өнер көрсетіп, қажетті нормативтерді орындады. Мұндай жетістік – Ұлттық паралимпиада комитеті, облыстық спорт басқармалары жаттықтырушыларының бірлескен жұмысының жемісі.
Станислав пен оның жаттықтырушысы Айгужинова Гүлмира Зейноллақызын жжеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да спорттық табыстар тілейміз!