Перейти к содержимому страницы.

БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

20.12.2022

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушылары Татьяна Владимировна Жмайло мен Галина Николаевна Старченко XXIII Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысты. Байқаудың ұйымдастырушысы Ресей федерациясы Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу қоғамы.

Байқауға «Man and nature in stories of Vsevolod Ivanov» тақырыбындағы зерттеу жұмыстары ұсынылды. Жұмыс біздің жерлесіміз Всеволод Ивановтың шығармашылығына арналған. Көрнекті суретшінің қазақстандық тақырыпқа қалам тербеуі оның қазақ халқының әдет-ғұрпын, табиғатын жақыннан танығандығын білдіреді. Мұның бәрі бейнелерде, сюжеттік-композициялық құрылымда, лексикада, ұлттық ою-өрнек элементтерінде, фольклорлық формаларда көрінеді. Ғылыми-зерттеу жұмысы "Филология ғылымдары бойынша ғылыми мақалалар" номинациясының I дәрежелі дипломын жеңіп алды.