Перейти к содержимому страницы.

БІЗДІҢ ӘЗІЛКЕШТЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНДА

08.02.2024

Марғұлан университетінің «Nizam» көңілді тапқырлар командасы Астана қаласында республикалық “Маусымашар-2024” ойындарында облыс намысын қорғап жатыр.

“Қазақстан КВН Одағы” РЖҚБ Президенті Есен Елеукеннің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жайдарманшылар сайысына
еліміздің 17 аймағынан ең үздік әзілкештер қатысып жатыр.

Чемпиондар лигасының алғашқы ойындарында Марғұлан университетінің әзілкештері сәтті өнер көрсетіп, қазылар алқасының оң бағасын алып, көрерменнің көңілінен шықты.

Сайыс қорытындысы 11 ақпан күні шығып, «Маусымашар-2024» ойындарының салтанатты жабылуында хабарланатын болады. Командамызға жақсы жетістіктер тілейміз.

«Nizam» командасы құрамында: Наурызбек Ақжан, Заркеш Азамат, Орынбасар Ермек, Кайбраев Еркебулан, Аубакиров Рустем, Сапар Қанат, Уалихан Айбол сынды жастар өнер көрсетеді. Команда жетекшісі - Студенттік филармония директоры Абзал Абдоллаев. Ал маусымашар ойындарына дайындаған - “Жайдарман” үйірмесінің жетекшісі Ильяс Қоңыратбаев.

Республикалық Жайдарман ойындарына “Низам” командасының қатысуына қолдау білдірген университет басшылығына “Қазақстан КВН Одағы” РЖҚБ Президенті Есен Елеукеннің алғыс хаты табысталды.