Перейти к содержимому страницы.

БИЫЛҒЫ ЖЫЛҒЫ ЖАҢА ҚҰРАМДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

22.01.2021

         Бүгін Павлодар педагогикалық университетінде биылғы жылғы жаңа құрамдағы алғашқы Ғылыми Кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Онда жаңадан тағайындалған кеңес мүшелері толық қатысты. Ғылыми кеңес отырысында «ППУ» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректор Жанбол Октябровичтің төрағалығымен университеттің 2019-2020 оқу жылының қорытындысы, болашақ жоспары және тағы басқа да көптеген мәселелер талқыланды. 

        Алдымен сөз алған университеттің ғылыми жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Серік Мырзақұлов «2020 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы» тақырыбында баяндама жасады. Профессор-оқытушылық құрамының ғылыми зерттеу жұмыстарына жан-жақты зерделеп, 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, ҚР БҒМ және «ППУ» КЕАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық дамуы мен жоспарына тоқталды. Оның ішінде ППУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамының шығарған ғылыми басылымдары, мақалалар мен монографиялар, зерттеу еңбектері және сырттан қаржыландыратын жобаларға қатысу деңгейіне тоқталды.

Sovet

Sovet2

Sovet3

Sovet4

         Келесі баяндамашы педагогикалық зерттеулер орталығының директоры Жарасова Гүлжан Сағидоллақызы университеттегі педагогикалық оқытушылар құрамының білім дәрежесі, оқытушылардың біліктілігін көтеру, жеке портфолиосы туралы жан-жақты талдау жасады. Сондай-ақ Г. Жарасова өз баяндамасында оқытушылардың ғылыми жарияланымдары, инвестициялық жобаларға қатысу деңгейі төмен екендігін атап өтті.

         2021-2024 жылдарға арналған «Жастар саясатының даму стратегиясы» туралы Педагогика жоғары мектебінің деканы Текжанов Қайрат Мұхамедхафизұлы баяндама жасады. Баяндама мазмұнында университеттің жастар саясатын басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, жаһандық бәсекеге қабілетті студенттерді дайындау, азаматтық-патриоттық тәрбие, көшбасшылық қабілетін дамыту тұрғысында кеңірек тоқталды.

 Sovet5

Sovet6

Sovet7

         Ғылыми Кеңес мүшелері жасалған баяндамалар бойынша өз ойларын қосып, университеттің дамуы жолындағы кезек күттірмейтін түйткілді мәселелерін ортаға салды. Алдағы уақытта кеңеске түскен келелі мәселелер шешімін тауып, мақсатты жобалар жүзеге асады деген ойдамыз.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          ППУ баспасөз қызметі