Перейти к содержимому страницы.

БІРІНШІ КУРС СТУДЕТТЕРІ ҮШІН БАҒДАРЛАУ АТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

29.08.2023

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде  2023-2024 жаңа оқу жылы басталды.
2023 жылдың 28-31  тамыз аралығында күндізгі және дуалды оқыту нысаны бойынша университетке оқуға қабылданған 1–курс студенттеріне арналған бағдарлау аптасы өтуде.   

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директоры Әлия Жақиянованың айтуынша, бағдарлау аптасында білім алушылар бекітілген кестеге сәйкес жоғары мектеп декандарымен, білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен, куратор және эдвайзерлерімен жақын танысуда.

"Студенттерге қызмет көрсету, әскери есеп, қаржы департаментінің білім алушыларға қатысты қызметі, ғылыми кітапхананың қызмет көрсетуі, жастар саясаты департаментінің қызметі, Интегралдық GPA (IGPA) жобасының жүзеге асырылуы, оқу процесін ақпараттық қолдау, тіркеу офисінің қызметі, дуалды білім алудағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, медициналық қызмет бойынша  құрылымдық бөлімдердің жауапты қызметкерлері білім алушыларға жан-жақты ақпарат ұсынуда. Сондай-ақ, университетке түскен 1 курс студенттері оңай бейімделуі үшін біз "Бірінші курсқа арналған нұсқаулықты" дайындадық, - деді Әлия Амангелдіқызы.

Күндізгі бөлімге қабылданған студенттердің  қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруі деңгейін анықтау мақсатында білім алушылар бастапқы диагностикалық тестілеу тапсыруда.

Барлық 1 курс білім алушыларына  арналған «Бірінші курс студенттеріне жолсілтеме» әзірленді.

Талапкерлер үшін Білім күніне арналған салтанатты іс-шара 1 қыркүйек күні өткізіледі. Академиялық күнтізбеге сәйкес оқу сабақтары 2023 жылдың 4 қыркүйегінде басталады. Дуальды оқыту нысанының студенттеріне арналған оқу сабақтары 2023 жылдың 18 қыркүйегінен басталады.