Перейти к содержимому страницы.

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

29.04.2023

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» конкурс-фестивалі өтті. 

Шараның мақсаты студенттердің арасында бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.  Конкурсқа Университеттің барлық білім беру бағдарламалары қатысып, 15-тен астам ұлттың салт-дәстүрін, ұлттық тағамын және киімін паш етті.

Ал қатысушылармызға әділ бағасын берген Қазақстан халықтарының Ассмаблеясының мүшелері:

Шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Джабраилов Шамиль Шахидович

Армян мәдени орталығы төрағасының орынбасары Аракелян Сусанна Дерениковна.

«Эльпида» аймақтық грек ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Ифандопуло Людмила Петровна.

Конкурс – фестивалінің қортыңдысы бойынша: 

Бас жүлде – Мексика ұлтының өкілдері
1 орын – Түрік ұлтының өкілдері
2 орын - Қазақ ұлтының өкілдері
2 орын - Татар ұлтының өкілдері
3 орын - Монғол ұлтының өкілдері
3 орын - Үнді ұлтының өкілдері
3 орын - Араб ұлтының өкілдері иелінді. 

Жеңімпаздарға диплом және университет басшылығынан ақшалай сыйлық табысталды. Баршаларыңызды келе жатқан 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!