Перейти к содержимому страницы.

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ МЕН КӨШБАСШЫЛЫҚ

15.05.2025

Марғұлан университетінде Павлодар облысының білім бөлімдерінің басшыларына арналған “Білім саласындағы басқару мен көшбасшылық: өзекті мәселелер мен даму бағыттары” атты конференция өтті.

Алғы сөз Павлодар облысы Білім беру басқармасының басшысы Айтказина Самал Оспанқызына ұсынылды. Өз сөзінде Самал Оспанқызы: “Болашақ тенденцияларға сай мамандықтарға, әсіресе, педагогикалық бағытта маман жетіспейтін пәндерге қарай екпін қойып, оқушыларға оң бағыт-бағдар бере білу сіздердің қолдарыңызда. Университет тарапынан білікті мамандар қатарымызды толықтырып келеді. Меморандум аясында өткізіп жатқан іс-шараларымыз оң нәтиже береді деп сенемін”- деп өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Марғұлан университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор Ержан Әмірбекұлы: -“Біз тек қана педагог мамандарды даярлап жатқан жоқпыз, біз қоғамды алға сүйрейтін, түсінігі терең, ғылыммен айналыса алатын білікті тұлға даярлап шығаруға күш салып жатырмыз. Өкінішке орай, мұғалім көп - ұстаз аз. Оқушыларға дұрыс бағыт бере білетін, тұлғасымен үлгі болатын мамандар қажет” -деді.

Шара соңында, білім беру бөлімдерінің басшыларына Марғұлан унтверситеті тарапынан Алғыс хаттар табысталды.