Перейти к содержимому страницы.

БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖЕКСІЗ МҮМКІНДІГІ

12.06.2023

Астанадағы IT университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев еліміздегі 25 жоғары оқу орнының өкілдерімен кездесті.

«Coursera» халықаралық компаниясының бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальд «Оқу және жұмыспен қамтудың болашағы» тақырыбында баяндама жасады. Клиенттермен байланыс жөніндегі директор Лариса Уиткрофт семинар өткізіп, оқу үдерісінде Coursera қолданбасын пайдаланатын университеттердің үздік халықаралық тәжірибелері талқыланды.

Қазіргі заманғы технологиялық құралдар бойынша жұмыс істейтін және білім мен заманауи өмірлік дағдыларды оқыту саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылатын Coursera жаһандық халықаралық білім беру платформасының артықшылықтары көп. Бұл туралы Coursera бас директоры Джефф Маджонкальд атап өтті: "Курстар жаңа технологияларды және соңғы салалық трендтерді енгізу арқылы әзірленеді. Бұл жаңа технологиялар мен білімнің тамаша коллаборациясы".

Жобаның негізгі мақсаты – қазақстандық студенттерге халықаралық білім беру платформаларындағы курстарға қолжетімділікті арттыру. Coursera платформасында әлемдік деңгейдегі университеттер немесе жетекші салалық компаниялардың (Stanford, Columbia, Duke, Johns Hopkins, Yale, Meta, Google) беделді пән сарапшылары жасаған 10 000 курс бар. Соның ішінде 50 курс қазақ тіліне аударылды, бұл тізім толықтырылады.

Университеттің барлық студенттеріне «Coursera» халықаралық жобасы бойынша тегін онлайн курстарды оқу мүмкіндігі берілген. Бүгінгі таңда платформада 500 студент білім алып үлгерді. Барлық студент курсты 100% оқу тиімділігімен аяқтады, тағы 500 студентке жақын арада Coursera платформасында оқу мүмкіндігі беріледі.

Кездесу соңында онлайн курстарды сәтті аяқтаған үздік студенттер марапатталды. Марапатталғандар тізімінде Марғұлан университетінің «Көркем еңбек, графика және дизайн» білім беру бағдарламасының екінші курс студенті Жандарбек Ақерке. Алдаңы уақытта көптеген студенттер өздерінің жеке және кәсіби дамуы жолында пайдалы платформаны пайдаланады деп үміттенеміз.