Перейти к содержимому страницы.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ФОРУМЫ

09.12.2024

9 желтоқсанда Академиялық адалдық лигасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі академиялық адалдықты ілгерілету тақырыбында Форум өткізді. Шара халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай ұйымдастырылды. Оған Агенттік Төрағасы, ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту министрлік өкілдері, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы, жоғары оқу-орындардың ректорлары қатысты.
Форумда осы жылдың басынан бері атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңдегі басымдықтар талқыланды. Сондай-ақ, білім берудегі академиялық адалдықты қамтамасыз ету бойынша меморандумға қол қойылды.