Перейти к содержимому страницы.

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

06.03.2025

Бүгін Марғұлан Университеті мен Павлодар облысының білім басқармасы білім беру бағдарламаларын дамытуға, болашақ педагогтерді даярлау сапасын арттыруға және академиялық қоғамдастық пен білім беру мекемелері арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат практикаға бағытталған оқытуды іске асыру, студенттер үшін кәсіби практиканы ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер мен білім беру іс-шараларын жүргізу бойынша бірлескен жұмысты көздейді. Бұл келісім болашақ мамандарды даярлауды күшейтуге және студенттердің кәсіби өсуіне жол ашуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Қол қою рәсімінде екі тараптың өкілдері білім беру жүйесін дамытудағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, бірлескен бастамалардың табысты іске асырылатынына сенім білдірді.

«Бұл қадам сапалы білім беруді дамытуға, жоғары білікті мамандарды даярлауға және оқу процесіне инновациялық тәсілдерді енгізуге деген ортақ міндеттемемізді растайды», – деп атап өтті университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы.