Перейти к содержимому страницы.

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ БАСҚА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН ППУ-ГЕ АУЫСУ ТӘРТІБІ

02.08.2022

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ БАСҚА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН ППУ-ГЕ АУЫСУ ТӘРТІБІ:

Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауысу немесе қайта қабылдау кезінде тиісті құжат тапрсырады: 1) оқыту бағдарламаларын игерген туралы құжатт (академиялық анықтама немесе транскрипт); 77 2) білім туралы құжатты мойындап қабылдау және нострификациялау ережесі бойынша ҚР-сында нострификациялау тәртібімен өтетін алдыңғы деңгейдегі білімді аяқтағаны туралы құжат; 3) шетелдік білім беру ұйымына түсу сынақтарынан өту нәтижесі.

Ауыстыру тәртібі:

1) білім алушы студентке қызмет ету орталығы (БАҚО-ға) өзі оқитын ЖОО ректоры атына ауысу туралы өтініш беріп, мөрмен бекітілген жазбаша келісім алғаннан кейін, өзі қалаған ЖОО-ның ректорына жүгінеді. Ректордың атына жазылған ауысу туралы өтінішке бөлім басшыларының қолтаңбасымен расталып, мөр қойылған ресми академиялық транскрипт қоса беріледі. 2) ЖМ деканы БББ басышысымен бірге ауысушының құжаттарын қарап, өтілген пәндердің қайсысы ППУ-да есепке алынуы мүмкін екенін шешеді, оқу жоспарларындағы айырмашылықты белгілейді, оқу курсын анықтайды; 3) ЖМ деканының визасы негізінде ОТ басшысы академиялық сұрақ (АС) бойынша проректор келісімімен көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін бір семестрден кем емес етіп белгілейді, содан соң білім алушыны басқа ЖОО-нан ППУ-ге ауыстыру туралы ректордың бұйрығы шығарылады; 4) ОТ басшысы ректордың бұйрығы шыққаннан кейін үш күнде білім алушы бұрын оқыған жоғары оқу орнына оның жеке іс қағазын жіберу туралы сұраныс жібереді. 26.15 Білім алушыны ППУ ішінде бір БББ-нан басқасына ауыстыру тек ақылы негізде тәртіп бойынша жүргізіледі: - білім алушы БАҚО-на ректордың атына ауысу туралы өтініш береді. Өтінішке ТО басшысы растаған ресми емес академиялық транскрипт қоса беріледі. - ЖМ деканы оқу жылын және оқу жоспарындағы айырмашылықты анықтайды; - деканның визасы негізінде ОТ көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін белгілейді; - ЖМ деканының, ОТ басшысының, АС жөніндегі проректордың бұрыштамаларына сәйкес білім алушыны бір БББ-нан екіншісіне ауыстыру туралы ректордың бұйрығы шығарылады.