БІЛІКТІ ҰСТАЗ ӨЗ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ
30.11.2022
Өнер және спорт жоғары мектебінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы Павлодар облысының педагогтарымен жемісті ынтымақтастықта. Оқушыларға арналған өндірістік педагогикалық практика қарсаңында «Дене шынықтыру сабағындағы қалыптастырушы бағалау» өзекті тақырыбымен түлегіміз, педагогика ғылымдарының магистрі, Екібастұз қаласының №24 гимназиясының мұғалімі Самогородский Валерий Андреевич студенттермен кездесті.
Кездесу барысында мұғалім студенттерді дене шынықтыру сабағына мектеп оқушыларының ынтасын арттыруға арналған өзінің авторлық бағдарламасымен таныстырды.
Іс-шараны ұйымдастырған «Дене шынықтыру және спорт» Білім беру бағдарламасының педагог-сарапшысы Жанна Станиславовна Антиховичтің айтуынша, кездесу студенттер арасында шынайы қызығушылық тудырды. «Мұғалім өз бағдарламасында көптеген нақты педагогикалық жағдаяттарды қолданатындықтан іс-шараның форматы қызықты болды. Студенттер құнды ақпарат алуға, бағдарлама авторына сұрақтар қоюға мүмкіндік алды», - деді Жанна Станиславқызы.
Нәтижелі бағалау – болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің негізгі кәсіби құзыреттіліктерінің бірі. Өйткені педагогикалық жағдаяттарды шешу мұғалімнен педагогикалық құзіреттілікті: білім, білік және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді.