Перейти к содержимому страницы.

Бүгін ППУ оқытушылары мен қызметкерлері және студенттері "COVID-19 вакцинациясының деңгейі және сұрақтары" атты семинарға қатысты

28.06.2021

ZOOM платформасында өткен семинарда Семей медицина университетінің ғалымдары сөз сөйледі. Атап айтқанда,

  • эпидемиология және биостатистика кафедрасының меңгерушісі, PhD Байбусинова Әсел Жанартасқызы;
  • дербестендірілген медицина кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер Терехова Татьяна Ивановна;
  • перинатология кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. к. Манабаева Гүлшат Қабдрахманқызы;
  • жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. к., доцент Маукаева Сауле Боранбаевна.

Жиынға қатысушылар көптеген пайдалы ақпараттар алды: коронавирустың таралуы, вакциналардың түрлері және олардың ерекшеліктері, вакцинацияға қарсы көрсеткіштер және ұжымдық иммунитетті дамыту қажеттілігі туралы әлемдік статистика. ППУ оқытушылары вакцинацияның өзекті мәселелерін талқылауға белсенді қатысып, барлық сұрақтарға жауап алды.
Павлодар педагогикалық университетінің ұжымы ұйымдастырушыларға өзекті ақпарат пен диалогқа қатысуға мүмкіндік бергені үшін зор алғыстарын білдіреді.