Перейти к содержимому страницы.

БЕЙБІТ ЕЛДІҢ БАТЫРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

14.07.2023

Ә.Марғұлан университетінің 1 курс студенті суға кетіп бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалғаны туралы жергілікті желілер жарыса жазған еді. Бүгін облыс басшылығы өжет жігітті құттықтап, алғысын білдірді.

Осыдан екі күн бұрын Асан аптап ыстықтан қорғану үшін орталық жағалауға барған. Іле, суға кетіп бара жатқан жасөспірімді көреді де ойланбастап суға сүңгіп кетеді. Жасыбай жағасында малтуды үйренге өжет жігіт екеуін де жағаға дін аман алып шығыпты.

«Мен бастапқыда олар ойнап жатыр екен деп ойладым. Бірақ, жағада тұрған жігіттер көмек сұрады. Ойланбастан құтқаруға кірістім. Бастып бара жатқан баланың шашын ұстап шығарғанымда екіншісі өзімді суға қарау тарта бастады. Мен бұл ісімді ерлік деп санамаймын. Менің орнымда кез-келген адам дәл осылай жасайтын еді»,- дейді кейіпкеріміз.

Асанның ерлігі көпке үлгі. Тіпті мұны ауызбен айтып жеткізудің өзі қиын. Десе де батыл жігіт марапатсыз қалмауы керек. Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары Асан Асайыновқа 500 мың теңгенің сертификаты мен ноутбук табыстады.
Бұдан бөлек, батыр балаға «Аманат» партиясының облыстық филиалының атынан да ақшалақ сыйлық берілді. Кейіпкеріміз ұстаздар ордасы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 1 курс студенті. Математика пәні бойынша ақылы негізде білім алады. Осы орайда университет басшылығы қалған 3 жылға ректордың грантын табыстап, адамгершілік қасиетті бойына дарытып тәрбиелеген анасына алғыс білдірді.