«БІРЛІГІ БЕРІК, БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН РЕСПУБЛИКА» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
19.10.2022
Павлодар педагогикалық университетінде «берекесі берік, болашағы жарқын Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті. Келелі кездесге Басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев пен бірге университет ғалымдар, жоғары мектеп декандары мен студенттер қатысты. Сонымен қатар, «Найзатас» әдеби журналының бас редакторы Асыл Әлімжанұлы Әбіш те арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Университет ректоры Жанбол Октябрұлы өз сөзінде ұйымдастырылып отырған шараның мақсат-міндеттеріне тоқталып, Республика күнінің маңыздылығын тілге тиек етті. 2022 жылдың шілдесінде ұлытауда өткен құрылтайда мемлекет басшысы 25-Республика күнін Ұлттық мерекелер қатарына қосу керектігі жөнінде мәселе көтерген болатын. Сонымен қатар, Президент Тәуелсіздік мерекесінің түпкі тамыры сақталатынын да алға тартты. Бүгінгі шараның да ерекшелігі сол – аталмыш мерекенің мән-мағынасын ашу. Өскелең ұрпақтың бойына париоттық сезімді ұялату.
Басқарма төрағасы-ректордың алғы сөзінен кейін дөңгелек үстел «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты. Естеріңізге салып өтейік Республика күніне дорай ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі аталмыш эссе жазу байқауын жариялаған болатын. Павлодар педагогикалық университеті де аталшым шарадан шет қалмай байқау ұйымдастырды. Студенттер тарапынан келіп түскен 38 шығарманың ішінен қазылар алқасы үздік деген 6 эссені таңдап алған еді. Сайыс қорытындысы бойынша шет тілі магистранты Кашкинбай Сандуғаш жеңіс тұғырынан көрініп, 1-орынға ие болды. Екінші жүлделі орын саны екеу. Ол Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенті Алексендра Овчинникова мен Құралай Ахметсакиге бұйырды. Ал, Анел Нұрлыбекова (ШтӘ-14), Анна Севостьянова (ОтӘ-12) және Томирис Игликова (ШтӘ-12) өзара үшінші орынды қоржындарына салды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, ақшалай сертификаттар ұсынылды.
Іле, «Найзатас» әдеби журналының бас редакторы Асыл Әбіш, Гуманитарлық жоғары мектебінің деканы Анар Кәрімова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қанат Қанафин, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Әсел Аманқызы және «Тарих» білім беру бағдарламасының докторанты Наурызбай Қаршиганов баяндама жасап, Республика күнінің тарихын тарқатып айтты.
Бұдан бөлек, жиында сөз алған мейман Асыл Әбіш – байқауда іріктелген шығармаларға талдау жасап, сын-ескертулер айтты. Сонымен қатар, байқауда жеңімпаз атанған қатысушылардың мақалаларын «Найзатас» әдеби-көркем журналының мерекелік басылымына шығаратындығын жеткізді.