Бейнероликтер мен эссе байқауы
15.04.2021
Елбасы жарлығына байланысты «Мұғалім мәртебесін» көтеру мен Павлодар педагогикалық университетінің 60 жылдығына байланысты университет студенттері арасында «Мен мұғалім мамандығын неге таңдадым?» тақырыбында университет тарихында бірінші рет бейнероликтер мен эссе байқауы ұйымдастырылған болатын.
Конкурстың мақсаты: бейнероликтер түсіріп, эссе жазу арқылы ППУ студенттерінің өз университетіне, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқауға Павлодар педагогикалық университетінің студенттері мен Қанапиянов атындағы колледждің студенттері және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Конкурстың ұйымдастырушылары мен әділқазылар алқасы – Жоғарғы оқу орнына дейінгі және кәсіби бағдар беру бөлімі мен университетіміздің Баспасөз қызметі.
Үстіміздегі жылдың 1-ші сәуірінен бастау алған бұл байқауға барлығы 30-ға тарта жұмыс қатысты, оның ішінде 13 бейнеролик пен 9 эссе жұмысы жеңімпаз деп танылды.
Бейнероликтер бойынша түскен жұмыстардың сапасына қарай, Әділқазылар алқасының шешімімен: екі 1-ші орын, екі 2-ші орын және үш 3-ші орынға лайық деп белгіленді.
1-орын
Елжан Омарханов
Гумар Кайратов
Алихан Дюсенбай
1-орын
Сания Абдуллина
Азат Бусурманов
2- орын
Диана Разина
2- орын
Жанель Мусалдаева
3-орын
Дана Откенова
3- орын
Перизат Жұмабай
3- орын
Алтынгүл Төлеухан
«Мен мұғалім мамандығын неге таңдадым?» тақырыбында эссе байқауы
1-орын
Алипбаева Салтанат
2-орын
Картошова Людмила
3-орын
Қоныс Нұрлы
3-орын
Тәуекелов Нұрсерік
3-орын
Гора Любовь