БАЯНАУЫЛ АУДАНЫМЕН ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ БЕКІТІЛДІ
23.09.2022
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде ППУ басқарма төрағасы - ректор Жанбол Жилбаев және Margulan Centre директоры Тимур Смагулов, қызметкері Еңлік Әбеуова Баянауыл ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапардың негізгі мақсаты Баянауыл ауданы әкімдігімен меморандум жасасу және Торайғыр ауылындағы археологиялық ескерткіштерімен танысу. Кездесуге Баянауыл ауданының әкімі Серік Батырғожинов және Торайғыр ауылының әкімі М.А.Молшин қатысты.
Margulan Centre директоры Тимур Смағұлов Торайғыр сақ қорғандарына шолу экскурсиясын өткізіп, ескерткішті қоршау және оған іргелес аумақты жарықтандыру қажет екенін айтты.
Кездесу нәтижесінде іргелес аумақты абаттандыру және жарықтандыруды орнату бойынша одан арғы іс-қимыл бағдарламасы және Баянауылдың тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде археологиялық ескерткіштердің (Торайғыр сақ қорғандары және Кемпіртас қорымы) жер мәселелерін шешу жөніндегі іс-шаралар тізбесі көрсетілді.