«БАСТАУЫШ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» АТТЫ ӘДІСТЕМЕЛІК АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
04.10.2022
Бүгін Павлодар педагогикалық университеті педагогика жоғары мектебінің "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасының әдістемелік апталығының ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ПЖМ деканы, профессор Б.А. Нұрмағамбетова қатысып, апталықтың басталуымен құттықтады. Сондай-ақ, әдістемелік аптаның жоспарымен таныстырды.
Әдістемелік апталықтың алғашқы іс-шарасы «Білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдер» коучинг-тренингісі болды. Оны «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының оқытушы-сарапшылары Н.К.Рамазанова және А.Н.Ахмульдинова ұйымдастырды.
Білім беру бағдарламасының жетекшісі Бағлан Жапарованың сөзінше, аталмыш шараға Павлодар облысы мектептерінің педагогтары шақырылды. Олар Камашева Н.А., Жұмабеков М.И., Увалиев А.А.
Коучинг-тренинг барысында педагогтар көшбасшылықты анықтауда «Шаңырақ», «Атомдар мен молекулалар» әдісін пайдаланудың топтық жұмысты орындаудағы тиімділігін көрсетті.
Әр топ ламинатталған плакаттармен, маркерлермен, стикерлермен қамтамасыз етілді, кері байланыс үшін үстелдерде «!» және «?» белгілер болды. Топтарда оқытушылар "Рефлексия", "Бағалау", "Оқытудың белсенді әдістері","Дифференциация", "Инклюзия" тақырыптарын зерттеп, оларды постерлерде ұсынды.
Коучинг-тренингтің мазмұнын талдау ретінде «нысана» әдісі қолданылды, онда әрбір қатысушы бағалау түсініктемесін тұжырымдады. Техника қатысушылардан семинардың бірнеше аспектілері бойынша жедел жауап алуға мүмкіндік берді.
Іс-шараға педагогика жоғары мектебінің 30 оқытушысы қатысты. Тренинг белсенді әрі мазмұнды өтті, пікірталастар мен практикалық жаттығулардың фоматына айналды.
Осылайша, коучинг-сессияда ЖОО оқытушыларының жаңартылған мазмұндағы және оқыту технологиясындағы жаңа мақсаттар мен міндеттерді, бағалаудың жаңа нысандарын, мектеп білімінің жаңартылған мазмұны контекстіндегі педагогикалық қызмет тәсілдерін түсінуіне назар аударылды,-деді Бағлан Мағауқызы.