БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ
30.05.2025
Балаларды бақытты етудің ең сенімді жолы — оларды шексіз махаббатпен, ерекше қамқорлықпен, жылы лебізбен қоршау. Осы қағидадан туындаған ізгі сезіммен Марғұлан университетінің Кәсіподақ комитеті Балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырды.
Университет қызметкерлері мен оқытушыларының балалары үшін дайындалған мереке бағдарламасы мазмұнды әрі көрікті болды. Жас өспірімдер көңілді ойындар мен би билерге шынайы ықыласпен қатысты.
Ерекше тарту болғаны — ертегілер мен танымал фильм кейіпкерлерімен жүздесу болды. Батыл теңіз саяхатшысы Моанадан бастап, тәтті шоколад әлемінің құпиялы кейіпкері Вилли Вонкаға дейінгі көріністер балаларға қиял мен ғажайып әлемге енуге мүмкіндіктер сыйлады.
