БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
25.01.2021
«Primus Development Center» ЖШС таланттарды дамыту халықаралық орталығының ұйымдастыруымен білім беру, ғылым, IT-технологиялар, өнер, музыка және спорт саласындағы халықаралық байқаулардың XVI маусымы өткізілді. Байқаудың мақсаты – қатысушылардың танымдық әмбебап оқу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Аталмыш байқауға педагогика жоғары мектебінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының ПжП-42 тобының студентті Казиманова Мерей мен МПжП-11 магистранты Саруарова Ақгүл бірлесіп жазған "Мектептегі медиативті қызмет жанжалдарды шешудің инновациялық технологиясы ретінде» және МПжП-11 магистранттары Постоялко Максим мен Омарова Дананың «Ерте бейіндеу оқуға, өмірге және жұмысқа дайындық тәжірибесі ретінде» атты зерттеу жобалары жүлделі 1-ші орынға ие болды. Ғылыми жетекшілері: п.ғ.к., профессор Б.Ғ. Сарсенбаева, п.ғ.к., доцент З.К. Кульшарипова.