«ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ПАТРИОТИЗМ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
14.12.2022
Бүгін Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің базасында ЖОО-ның 60 жылдығына арналған «Қазіргі әлемдегі патриотизм: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ғылыми конференцияда университетіміздің оқытушылары Павлодар облысы ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының төрайымы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Аманова А.С. , «Тарих» білім беру бағдарламасының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің доценті Абдрахманов Б.Н. баяндама жасады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі, доцент Әсел Аманова өз сөзінде 1986 жылғы желтоқсанда Павлодар қаласында болған оқиғалар туралы мұрағаттық мәліметтерді ұсынды. «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатының зерттеушілерге қолжетімді құжаттары Павлодарлық жастардың наразылықтарын және оның салдарын ашатын, жергілікті биліктің іс-әрекеттері туралы шынайы ақпаратты және халықтың Тәуелсіздікке деген ұмтылысының басы болған Желтоқсан оқиғасын зерттеуге мүмкіндік береді», - деді Әсел Аманова.
Конференцияға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, практик оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Ғалымдар патриотизм – мемлекеттің ең маңызды құндылықтарының бірі деген ортақ пікірді қолдады. Қазақстанның көп ғасырлық тарихында патриотизм мәселесі ерекше назарда екендігін олар атап өтті.