«Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» ISSN халықаралық орталығынан тіркеуден өтті
15.06.2021
ППУ-дың "Қазақстанның педагогикалық хабаршысы" ғылыми журналы өз жарияланымдарының сапасын жақсартумен жұмыс істейді. Оқу жылының басынан журналдың редакциялық саясаты қайта қаралып, журнал материалдарын рецензиялау рәсімдері күшейтілген болатын. Жуырда ғылыми басылымның электронды және баспа форматтары ISSN халықаралық орталығы деп аталатын халықаралық сериялық басылымдарды тіркеу орталығынан тіркеуден өтті.
Естеріңізге сала кетсек, ISSN халықаралық орталығы – бұл барлық білім салаларына қатысты баспа немесе электронды форматтағы сериялық басылымдар мен ресурстарды халықаралық деңгейде үйлестіру міндеті бар үкіметаралық ұйым болып табылады.