Перейти к содержимому страницы.

ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫ ҚР БҒМ-мен БІРЛЕСІП УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖАСАДЫ

21.01.2021

2020 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша салааралық комиссияның (САК) селекторлық мәжілісі өткен болатын.

Білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен, көпшіліктің ой-пікірін ескере отырып, колледж бен университеттің бірінші курс студенттеріне екінші семестрден бастап (оқу бағытына байланысты дәстүрлі, қашықтықтан және аралас форматта) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра, аралас форматта оқытуды қайта бастау туралы шешім қабылданды. 

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 18-22 қаңтар аралығында "Қазақстан студенттерінің Альянсы" Республикалық студенттер қозғалысы құрған жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, жоғары оқу орындарының студенттерді қабылдауға дайындығына мониторинг жүргізуде.

ASK

ASK

ASK3

ASK4

ASK5

 ASK6

Жұмыс топтарының құрамына Қазақстан студенттер Альянсы аймақтық филиалдарының төрағасы, ЖОО Жастар ісі жөніндегі комитеттері, студенттер парламенті, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы студенттер мәселелері жөніндегі кеңес мүшелері кіреді.⠀

Қазақстан Студенттер Альянсының аймақтық филиалдарының – Торайғыров университеті, Инновациялық Еуразия Университеті және Павлодар педагогикалық университетінің өкілдерінен құралған топ ЖОО ғимараттары: оқу корпустарының, кітапханалар, оқу залдары, студенттер үйі, спорт залдары мен асханалардың дайындығын тексеру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жұмыс тобы оқу ғимараттарының сумен жабдықталуы, жылу, электр және интернет байланысы, дезинфекциялық аркалардың, кеуектi резеңке кілемшелердің, қашықтық таңбаларының, дене қызуын өлшеуге арналған құрылғылардың болуы, дәліздерде антисептиктердің орнатылуы, дезинфекция жүргізу, қатаң маска тағу режимін бақылау сияқты карантиндік шаралардың орындалуын қадағалады.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        ППУ баспасөз қызметі