Перейти к содержимому страницы.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

30.11.2021

Құрметті әріптестер, оқытушылар және студенттер!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні сіздердің Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істеріңіз бен тың бастамаларыңыздың сәтімен орындалуына тілектеспін.

Баршаларыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке, шаттық тілеймін!

 

Ізгі ниетпен, Павлодар педагогикалық университетінің
Басқарма төрағасы - ректор
Жанбол Жилбаев