Перейти к содержимому страницы.

АЙЗЕРЕ ЗЕЙНУЛЛА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

04.03.2024

Өткен аптада «Жеңімпаз» үстел теннисі орталығында 2005 жылы туған спортшылар арасында Қазақстанның ең мықты теннисшілері сынға түсті. Жарысқа еліміздің барлық облыстарынан 250 спортшы қатысты. Алты күнге созылған ірі жарыста олар өз мықтылықтарын дәлелдеді.

Нәтижесінде Марғұлан университетінің қоржыны Айзере Зейнолланың қола медалімен толықты. Қазір бапкерлер оған Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер санатын беру туралы материал дайындап жатыр.
– Әр командада алты адам болды: үш қыз және үш ұл. Жарыс өте ауқымды, қатысушылар да көп болды. Ең мықты қарсыластар Алматы мен Қарағандыдан шықты», - дейді М.Қанапьянов атындағы жоғары колледждің жаттықтырушысы Дәулет Әбішев. – Біздің Айзере үшін бұл бірінші кәсіби жарыс. Соған қарамастан ол өте жоғары нәтиже көрсетті. Біз өте қуаныштымыз! Ол Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер дәрежесін алады деп сенеміз, өйткені ол осыған лайық. Барлық турнирлерде Айзере өз университетінің намысын қорғап келеді.

Еске салсақ, өткен жылы Ақтауда өткен жоғары оқу орындары арасындағы Универсиада ойындарында Айзере жалпы командалық есепте екінші орынға қол жеткізсе, жекелей сында күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Біз оған үлкен үміт артамыз!