«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТ ҰСТАЗЫ ФЕНОМЕНЫ» МЕКТЕПТІК ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
24.04.2023
Павлодар қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі орта мектепте «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазының феномені» атты бірінші мектепшілік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасының оқытушы-сарапшысы Гүлнар Тохметова қатысты.
ППУ оқытушысы байқау комиссиясының құрамында гуманитарлық секцияның төрайымы қызметін атқарды. Секциялық жұмыста оқушылар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ әдебиеті, тарих пәндері бойынша жобаларын қорғады.
-Конференция жұмысы сәтті өтті. Оқушылар ғылыми зерттеулерге жоғары деңгейде дайын екендіктерін көрсетті, - деді Гүлнар Мәсенқызы.
Ғылыми конференцияны қорытындылай келе, мектеп басшылығы Г.М.Тохметоваға шынайы ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да тұрақты ынтымақтастық байланысқа дайын екенін білдірді.