Перейти к содержимому страницы.

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

13.11.2023

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары Аққулы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып, ауыл мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне семинар өткізді. Шара Аққулы орта мектебінің базасында ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – шет тілін оқытудағы әдістемелік сауаттылықты арттыру, ағылшын тілін оқыту кезінде ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда мұғалім мен студенттер арасындағы байланысты дамыту.
Іс-шараға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Әлия Жолдабаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, лингвистика магистрі, Қазақстанда ағылшын тілін дамыту бағдарламасының оқытушысы Гада Рахман, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ғылыми қызметкері, әдіскер Жұлдыз Мұхамединова қатысты.
Семинар барысында АҚШ-тан келген оқытушы Гада Рахман "Guess what?" деген сұрақты талқылады. Ол сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі ойындар мен стратегияларды пайдалана отырып, сабақ өткізді. Оқушылар ойындарға белсене қатысып, тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады.
Мұғалімдермен «Building Trust and Communication in the Classroom» және «Communication Line" стратегияларымен жұмыс» тақырыптарында шеберлік сыныбы өткізілді.
«Шетел тілі: екі шет тілі» БББ жетекшісі Әлия Жолдабаева ауыл мектептерінің мұғалімдері – ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен «Warm-up & Ice-breaking activities in ELT and its Importance» атты тренинг өткізді.

Аққулы аудандық білім бөлімінің әдіскері Айжан Мәкішева аудан әкімінің  атынан Әлия Жолбаева, Гада Рахман және Жұлдыз Мұхамединоваға Алғыс хат табыс етті.