Перейти к содержимому страницы.

АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕГІ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

22.11.2022

Аққулы ауданы білім беру бөлімінің Жамбым жалпы орта білім беру мектебінде мектеп оқушыларына және ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстел және пратикалық семинар ұймыдастырылды. Шараға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық университетіне халықаралық «Fullbright» бағдарламасы бойынша келген АҚШ азаматы Эмили Рен, «Шет тілдер: екі шет тілдері» білім беру бағдарламасының оқытушы-зерттеушісі, PhD докторы Айгүл Ахметова және шет тілдер мамандығы бойынша оқитын 1 курс студенті Аман Султанғазин қатысты.

Дөңгелек үстел тақырыбы: «Schools in Kazakhstan and Schools in the USA». Кездесу барысында оқушыларға екі ел арасындағы білім беру жүйесінің айырмашылықтары мен бірізділіктері талқыланып, слайд-презентациясы арқылы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, ағылшын тілі мұғалімдеріне арнайы «Development of writing competence» атты практикалық семинар өткізілді.

Кездесу соңында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық университет туралы болашақ талапкерлерге мәлімет берілді.

Аққулы ауданы білім беру бөлімінің басшысы өз тарапынан аталмыш шараға ризашылығын білдіре отырып Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық университет оқытушыларын Алғыс хатпен марапаттады.