Перейти к содержимому страницы.

АУЫЛ ЖӘНЕ АУДАН МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

26.10.2023

Ағымдағы жылдың 19 қазанында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша аудандар мен ауылдық мектептердің оқушыларына арналған ашық есік күнін өткізді. Аталған шара гуманитарлық жоғары мектебі академиялық мәселелер жөніндегі вице-деканы Гүлзина Тұрарқызының  алғысөзімен басталды. Гүлзина Тұрарқызы Қазақстандағы педагог мәртебесіндегі өзгерістер туралы және өңірдегі мамандарға деген сұраныс туралы айтып, жаңадан ашылған білім беру бағдарламаларының артықшылықтарына тоқталды. Сондай-ақ, жоғары мектеп студенттері мектеп оқушыларына арнап дайындаған университет туралы презентацияларын таныстырып, оқу ордасының қабырғасында үйренген өз өнерлерін паш етті. Кәсіби бағдар беру жұмысының нәтижесінде Марғұлан университетіне түсуге бел байлаған талапкерлер саны арта түсті.