Перейти к содержимому страницы.

Авторлық құқыққа ие болды

22.04.2021

Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебі "Тарих" мамандығының 1 курс магистранты Темиров Нурболат пен тарих ғылымдарының кандидаты, ППУ доценті Сабданбекова Замзагуль Абляшовна авторлық құқыққа ие болды. 

Қазақстан тарихы пәнінен жоғарғы сынып оқушыларына арналған тапсырмалар жинағы пән мұғалімдеріне, оқушыларға арналған көмекші құрал болып табылады.  Авторлық бағдарлама мұғалімге оқушыларды Қазақстан тарихы пәнінен оқыту, сыртқы жиынтық бағалауға дайындау кезінде, термин сөздерге анықтама беруде, негізгі ұғымдар мен деректерді есте сақтау үшін пайдалануда көп көмек болары сөзсіз.

Темиров Н.Р.: "Магистрлік диссертация тақырыбы аясында оқушылардың бойында сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар топтастырылып, талдау түрлерін қолдану арқылы нәтижеге жету жолдары көрсетілген."

Тарих ғылымдарының кандидаты, ППУ доценті Сабданбекова З.А.: "Осы бағдарламаны құруда Назарбаев зияткерлік мектептерінің  11-12 сыныбына арналған оқу бағдарламасы негізге алынды. Жұмыс дәптеріндегі оқушылардың Қазақстан тарихы  пәні бойынша жан-жақты білімдерін кеңейтуге, жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді."

 avtor

avtor2

avtor3